Көкшетау қаласының №6 мектеп-лицейінің педагогикалық ұжымы Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Тула мемлекеттік университеті» жоғары білім беру федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінен Алғыс хатқа ие болды.
Университет ұжымы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі жоғары кәсібилігі, педагогикалық шеберлігі және өлшеусіз еңбегі үшін келесі ұстаздарға ерекше алғысын білдірді:
Гартунг Сергей Александровичке;
Молдахметова Сауле Есімбекқызына.
Бұл жоғары марапат олардың шәкірті, Тула мемлекеттік университетінің студенті Андрей Сергеевич Ануфриевтің 2026 жылғы Ашық халықаралық студенттік интернет-олимпиадасында «Жасанды интеллект: Машиналық оқыту» пәні бойынша жүлдегер атануымен байланысты берілді.
Алғыс хатта бұл жетістік педагогтердің сапалы дайындығының, кәсіби тәлімгерлігінің және шәкірттердің қабілетіне деген шынайы сенімінің айқын дәлелі екені атап өтілген.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер, шәкірттеріңізбен бірге жаңа белестерді бағындырып, білім беру саласында толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз.

