Текст
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында №6 МЛ-де 6-сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Профилактикалық әңгіме барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Іс-шараны ювеналды полицияның учаскелік инспекторы, аға лейтенант *Бекболатова А. Ғ.* өткізді.


