"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "№ 6 МЕКТЕП-ЛИЕЙІ"  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " ШКОЛА-ЛИЦЕЙ  № 6  ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында №6 МЛ-де 6-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді.

                 Жиналыс ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының жұмысы аясында ұйымдастырылды.  Кездесудің тақырыбы: «Жасөспірімдердің өзара қарым-қатынасы: түсіністік, құрмет және қауіпсіз қарым-қатынас». Кездесу барысында жасөспірімдік кезеңге қатысты маңызды мәселелер қарастырылды: құрдастарымен қарым-қатынас ерекшеліктері, өзара қарым-қатынас мәдениеті, жанжал жағдайларының алдын алу, бір-біріне құрметпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ балаға қолдау көрсетудегі отбасы мен мектептің рөлі.

                 Жиналысқа: ювеналды полицияның учаскелік инспекторы, аға лейтенант Бекболатова Айғаным Ғалымқызы; тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары; пән мұғалімдері; 6-сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. 


Текст